Авторизациялау
Парольді ұмыттыңыз ба ?
Тіркеу
Сіз білесіз бе ?
Первые симптомы инфаркта миокарда
«БЖЗҚ» АҚ-ң Жамбыл облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, Ошанов Асылбек Есенбайұлы 2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді.
Елбасының Жолдауын насихаттауға арналған қалалық ақпараттық топ мүшелері бірқатар еңбек ұжымдарын аралап, қызметкерлермен кездесіп, саяси құжаттың басым бағыттарын талқылады.
Сондай жиынның бірі №9 Қалалық емханада өтті. Онда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша 5 топ мүшелері ұйымдастырды. Жиында қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің хатшысы Алпысбай Смаилов сөз алып, Жолдау басымдылықтарына тоқталды.
Сондай-ақ басқосуда № 9 қалалық емхананың бас дәрігері Рапилбекова Гулжахан Сейсенбаевна, басты құжаттың 10 бағытына жеке-жеке тоқталды. Ал «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Асылбек Ошанов жаңа жылдан бастап зейнетақы қорына енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасады.– 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады. Яғни базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 15 274 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары). Сонымен зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды, – деді бас маман.
Шара барысында осы және өзгеде өзгерістерге тоқталған Асылбек Есенбайұлы көпшілік тарапынан қойылған сан түрлі сұрақтарға жауап берді.