Авторизациялау
Парольді ұмыттыңыз ба ?
Тіркеу
Сіз білесіз бе ?
Первые симптомы инфаркта миокарда
Біздің медициналық ұйымда , «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ ( Ішкі бақылау қызметі ) құрылды.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау қызметі)функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
-медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
-медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз ;
-сондай-ақ , егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байлынысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз,
Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады.
Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберсіте 1 -қабатта орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ шағымды медициналық ұйымның сайтына қалдырсаңыз болады: сайттың мекенжайы:http://gp9taraz.kz.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ
СІЗДІҢ шағымызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап , күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген телефон нөмірлеріне 45-96-63 немесе №32 кабинетке ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ( Ішкі бақылау қызметі) жолыксаңыз болады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ем қабылдап жатқан пациенттер , сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылы.
Көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатында біздің пациенттерге және ( немесе) олардың туыстарына ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ сауалнама жүргізеді.
Сауалнама ерікті негізінде жүргізіледі, Сіздің жауаптарыңыздың құпиялығы сақталады ,сондықтан Сауалнамада Сіздің тегіңізді немесе мекенжайыңызды көрсету қажет етілмейді.
Сіздің ой-пікіріңізді дәл көрсететін жауаптарды таңдап , сауалнама сұрақтарына жауап берсеңіз және біздің ұйымыздың медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына өзіңіздің үлесіңізді қосқаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.