Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Версия для слабовидящих
-A A0 A+
РЕТТЕУ



Авторизациялау


Парольді ұмыттыңыз ба ?
Тіркеу



Сіз білесіз бе ?

Первые симптомы инфаркта миокарда
Первые признаки сахарного диабета
Памятка по правам граждан на лекарственное обеспечение
Острые респираторные вирусные инфекции и грипп
Когда вставать на учет по беременности?
Календарь развития ребенка по месяцам
10 правил самостоятельного применения лекарственных средств
kmpakaz.org

Азаматтарды емханаларға тіркеу ережелері


15.09.2021 ж

15 қыркүйектен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымдарына тіркелу науқаны басталды.

15 қыркүйектен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымдарына тіркелу науқаны басталды. Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден немесе жұмыстан 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігер көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бәрінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

Емханаға тіркелудің бірнеше жолы бар:

№1. Онлайн тіркелу

Ол үшін egov.kz сайтында "Денсаулық сақтау" – "Медициналық көмек""Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" қызметін таңдау қажет. Одан соң "Қызметке онлайн тапсырыс беру" түймесін басып, ЭЦҚ арқылы енгеннен кейін өтініш бересіз.

№2. Telegram-bot арқылы тіркелу

Ол үшін Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot-қа жазылып, қарапайым тіркеуден өтіп, ары қарай қызмет түрі – медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелу мен емхананы таңдау қажет.

Қызметті көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні. Ботпен жұмыс істеу үшін eGov.kz-ке тіркелген болып, ұялы телефонның нөмірін порталдың профиліне байланыстыру қажет. Телефонды тіркеу және байланыстыру ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, азаматтың қаланың белгілі бір емханасына тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.

№3. Емханаға келіп тіркелу

Ол үшін еркін түрде жазылған өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Алайда, емханаға тұрғындардың келесі санаттары ғана келіп тіркеле алады:

  • зейнеткерлер;
  • мүгедектер;
  • заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар;
  • қорғаншылар не қамқоршылар, патронат тәрбиешілер;
  • колонияларда (жазасын өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталған адамдар;
  • студенттер;
  • мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
  • шет мемлекеттерде туған балалар;
  • сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар.

Бұрынғы емхананың қызметі көңіліңізден шықса, тіркеу науқаны барысында қайта тіркелудің қажеті жоқ. Емхананы:

  • басқа жерге қоныс аударғанда;
  • жұмыс, оқу орнын ауыстырғанда;
  • жазасын өтеу орнын ауыстырғанда;
  • әскери борышын өтеу кезінде;
  • медициналық мекеме жабылғанда не қайта ұйымдастырылғанда ауыстыруға болады.

Сондай-ақ, өзіңіз тіркеуде тұрған емхана қызметіне көңіліңіз толмаған жағдайда да өзге емдеу ұйымына тіркелуге болады. Алайда, емхананы жылына бір реттен артық ауыстыруға болмайды.

Назар аударыңыз: тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі.
Тіркелуге болатын емханалар тізімін Қордың ресми сайтындағы "Клиника таңдау" бөлімінен қарауға болады.

Емхана таңдау науқаны 2 ай – 15 қарашаға дейін жалғасады. Ал биыл, яғни, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтар медициналық көмекті қазіргі уақытта тіркелген емханада алады.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде ем алуға құқылы. Ал жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы шарт.

Азаматтар өзінің медициналық сақтандыру мәртебесін:

  • Электрондық үкімет порталында;
  • қор сайтында;
  • Telegram желісіндегі SaqtandyryBot арқылы біле алады.


05.04.2020г.

Баспасөз релизі

Астана қ-сы

Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» аттыемханаларға тіркелу науқаны басталады

Ол туралы бүгін пресс-конференция аясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.

«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады.

«Емхана – ол қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кіреберіс» болып табылады. Онда Сіз шын мәнінде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Өйткені, жиі азамат бір қалада, ауданда тұрады, ал басқа мекен-жайы бойынша тіркелген.Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек», - деді пресс-конференция аясында Лязат Ақтаева.

Өз кезегінде, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова тіркелу науқанының ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Айтуынша, бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады.

«Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз. Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны түсініп алу керек», - деп түсіндірді Е.Бахмутова.

Қор төрағасы МӘМС заңы бойынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейтінін тілге тиек етті.

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК ) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыретібойынша жүзеге асырылады. Азаматтар дәрігер мен емхананыеркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

АМСҚ ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде тіркеуді жүзеге асырады.

Отбасы мүшелерін тіркеуотбасы мүшелерінің бірінің негізінде отбасы мүшелерінің олардың жазбаша келісімі болған жағдайдажәне еркін нысандағы өтініштіотбасының әрбір мүшесінежеке басын куәландыратын құжаттарынберу кезінде жүзеге асырылады.

«Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананыңжақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде Сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады» - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау вице-министрініңайтуыншаазаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды.Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне жіне атап айтқанда, сақтандырылған азаматтар – медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтер пакетіне қол жеткізеді».

Еліміздің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенін тексерумен қатар, өзінің категориясы туралы мәлімдеуі қажет. Сіз кімсіз - жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы азамат,әлде ресми кірісі жоқ немесе еш жерде жұмыссыз болып тіркелмеген жұмыссыз азаматсызба?

Ертеңсақтандырылған адамның мәртебесін және оған қатысты қажетті медициналық көмекалу кезінде қиындықтар туындатпау үшін барлығын қазіранықтаумаңызды болып табылады.

МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпаратты, жарналармөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз.

Сонымен Сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелу керек? Мұны жүзеге асыру өте оңай.

Бұл үшін Сізге емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы."Электронды үкімет" (еgov.kz)порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырыпсұрау салу қажет.Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді, сондай-ақ электрондық түрде. Тіркелгеніңіз жөніндегі туралы ақпаратты "еgov" порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз.

«Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алады және біруақытта бірнеше емханада тіркелуімүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштермен келіпАМСК ұйымдарына тіркеу кезінде, бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрдешығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады» - атап өтті Ажар Төлеғалиева.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41

Анықтама:ҚР ДСМ-нің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің 2017 жылғы қаңтардағы ақпараты бойынша 17 млн.635 мың.937 адам тіркелген. Оның ішінде: ер адамдар 8 млн. 460 мың 120 адам және 9 млн.175 мың 817 әйел адам. 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 млн. жуық, жұмысқа белсенді 60 жасқа дейін – 9,6 млн., 60 жас және одан жоғары егде жастағы адамдар саны 2 млн. асады. ҚР бойынша АМСК ұйымдарының саны – 479, оның ішінде қалалық – 268, ауылдық – 211, соның ішінде жекеменшік – 97. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көрсететін жеткізушілер барлығы – 1043, оның ішінен 70,4% мемлекеттік медициналық ұйымдар.


Азаматтарды емханаларға тіркеу ережелері


«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысына сәйкес:

1. БМСК ұйымдарына азаматтар мен оралмандарды бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

2. Азамат және оралман БМСК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі. БМСК ұйымы бекітуді азаматтар мен оралмандар өз еркімен жүгінген кезде жүзеге асырады.

3. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

4. Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымдарына бекіту бекітілген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды бекітуді өзгерту:

тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде:

БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;

азамат және оралман дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;

6. Азаматтар мен оралмандар тікелей жүгінген кезде оларды БМСК ұйымдарына бекіткен кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару бекітілген халық тізілімі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

7. БМСК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

8. Азаматтар мен оралмандар БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде, қызмет көрсетудің аумақтық қағидасы ескеріледі, азаматтарды қаланың басқа аумағынан бекіту кезінде, медициналық ұйым олармен осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігін (патронаж, үйге шақырту, үйде қарау және т.б.) талқылауға құқылы, өйткені емхана, дәрігерлік амбулатория қызметі аумақтық қағидаға негізделген, бұл туралы алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 Қаулысы




Біздің Жаңалықтар