Авторизациялау
Парольді ұмыттыңыз ба ?
Тіркеу
Сіз білесіз бе ?
Первые симптомы инфаркта миокарда
1. Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
2. Халыққа дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
3. Тұрғындардың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
4. Созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5. қызметті жетілдіру және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізу;
6. Басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
1. Пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану және басқа шұғыл жағдайларда кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді.
2. Шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді.
3. Созылмалы ауру нысандары бар адамдарды динамикалық бақылауды.
4. Ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарауды.
5. Пациенттерді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді.
6. Функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды.
7. Денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен профилактикалық тексеріп-қараулардың барлық нысандарын (скринингілік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді, нысаналы және т.б.
8. ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді.
9. Тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді.
10. Инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді.
11. Науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді.
12. № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді.
14. Шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау процесіне тартуды.
15. Мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілерді және көшбасшыларды ұйымдастыруды.
16. Халықты гигиеналық оқытуды.
17. Отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, оның ішінде отбасыны жоспарлауды.
18. қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді.
19. Иммундық профилактиканы ұйымдастыру мен жүргізуді.
20. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (бұдан әрі – № 685 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды.
21. Тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді.
22. Онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды айқындау, тиісті медициналық ұйымдарға айқындалған науқастар туралы ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді.
23. Емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізуді.