Авторизациялау
Парольді ұмыттыңыз ба ?
Тіркеу
Сіз білесіз бе ?
Первые симптомы инфаркта миокарда
Халықтың нысаналы тобында ауруларды ерте анықтауда скринингтік тексеру
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» N685 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы №145 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Өңеш, асқазан, бауыр және еркектік безінің обырын ерте анықтау скринингін енгізу туралы» №8 бұйрығына сәйкес халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеруден өткізу жүргізіледі.
Скрининг – бұл қауіп факторларын және ауруды ерте кезеңінде анықтау үшін нақты дені сау жастағы адамдардың медициналық профилактикалық тексеруден өтуі. Скринингтік тексерулер толық көлемде тегін, аумақтық тіркелген емханаларда, кепілденген тегін медициналық көмек аясында өткізіледі.
Ересектерді скринингтік тексеруден өткізу ауруды ерте анықтау мен одан сақтандыруға бағытталады:
қанайналымы жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы;
әйелдер мен еркетер арасындағы қант диабеті;
әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісігі;
әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды, қатерлі ісігі;
әйелдер мен еркетер арасындағы глаукома;
әйелдер мен еркетер арасындағы тік және тоқ ішектің ісікалды, қатерлі ісігі;
өңеш, асқазан, бауыр және еркектік безінің ісікалды, қатерлі ісігі;
В және С созылмалы гепатиті.
Қанайналымы жүйесінің ауруларын (артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетін ерте анықтаудың нысаналы тобына артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы әйелдер мен еркектер жатады;
Глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексеруден нысаналы топтың өтуі глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер мен еркектер жатады;
Әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды, қатерлі ісігі ауруларын ерте анықтаудың нысаналы тобына әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды, қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер жатады;
Әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісігі ауруларын ерте анықтаудың нысаналы тобына әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер жатады;
әйелдер мен еркетер арасындағы тік және тоқ ішектің ісікалды, қатерлі ісігі ауруларын ерте анықтаудың нысаналы тобына тоқ ішектің полипоз, ісікалды, қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер мен еркектер жатады;
өңеш, асқазан, бауыр және еркектік безінің ісікалды, қатерлі ісігі бойынша 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдер мен еркектер жатады;
бауыр ісігін ерте анықтаудың мақсаттық тобына вирустық және вирустық емес этиологияның бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұратын әйелдер мен еркектер жатады;
еркектік бездің ісігін ерте анықтаудың мақсаттық тобына диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы еркектер жатады;
В және С созылмалы гепатитті ерте анықтаудың қатерлі тобына жататындар: қатерлі ісікті, қан ауруымен ауыратын адамдар, қан және оның компоненттері құйылған, анамнезде ота жасалған, гемодиализдегі тұлғалар.